Marathon-2021: Қандай көшелер жабық тұр?

Бүгін елордада Astana Marathon-2021 өтіп жатыр. Спорттық шара таңғы сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарлауынша, марафонға байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді:

10 км және 42,2 км. 10 км қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді. 42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов. Сонымен қатар, марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Олар: № 2, 3, 4, 4А, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.

Сондай-ақ 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі. Маршруттардың қозғалыс схемасын «City Transportation Systems» компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан табуға болады: @cts_kz. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы