Марат Оспановқа арналған конференция өтті

Мәжілісте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің алғашқы төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Марат Оспановқа арналған конференция өтті, - деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Шараға Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және М.Оспановтың отбасы, туған-туыстары және жақындары жиналды. Қоғам қайраткерімен бірге мемлекеттік қызметті абыроймен атқарған әріптестері мен достары естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

«Марат Оспанов туралы естеліктер біздің Қазақстанымыздың егеменді ел атанған тарихи кезеңімен қатар жүреді. Себебі Марат Тұрдыбекұлы Тұңғыш Президентіміз -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, тәуелсіздікке жету, оны қалыптастыру және дамыту жолында аянбай еңбек етті», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Марат Оспановтың еңбек жолы ұрпаққа үлгі болатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген