22 октября 2023 г. 18:45

Марат Қарабаев Атырау қаласындағы теміржол вокзалының жұмысымен танысты

Фото:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері министрге объектінің ағымдағы жай-күйі, өткен жылғы жұмыс нәтижелері мен даму перспективалары туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. 1972 жылы салынған Атырау вокзалында тәулігіне 3 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіледі, жолаушыларға арналған 3 платформа бар. Бұл Атырау облысындағы 4 теміржол вокзалының бірі. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Аталған нысанда жолаушылардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді.

Темір жол бекетінің жұмысымен танысқан министр теміржолдардың әлеуметтік маңызы жоғары екенін әрі жолаушылардың тасымалы барысындағы сапа мәселесі көлік саласында көрсетілетін қызметтердің сапасына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Тегтер: