Марат Қарабаев Көлік министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.

primeminister.kz

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жаңа министрдің есімі жарияланған жоқ.