Марал атқан браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында марал атқан браконьер ұсталды.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері, «Охотзоопром» РМҚК өкілдері, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары бірлескен рейд жүргізді.

Шара барысында Көкпекті ауылдық округіндегі Толағай тауының маңында келе жатқан автокөлік тоқтатылған.

Тексеру барысында ауыл тұрғыны тізгіндеген көлік салонында марал еті табылды.

«9 қап ет, «Вепрь 308» маркалы карабин атыс қаруы, 10 оқ, маралдың 2 мүйізі, пышақ және балта тәркіленді. Ер адамның жабайы аңды атуға рұқсат қағаздары болмаған», - деп хабарлады ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады