Марадонна тепкен доп аукционда сатылады

Аргентиналық Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында ағылшындардың қақпасына соққан добы Ұлыбританияда аукционға қойылды, деп хабарлайды Tengri Sport.

Алматы, NEGE. Допойынға төрешілік жасаған тунистік бұрынғы рефери Али бин Насерде. 

"Бұл доп халықаралық футбол тарихының бір бөлігі және қазір осы естелікті әлемге паш ететін кез келді. Сатып алған адам бұл допты көпшілік назарға қоятындай мүмкіндік жасайды деп сенемін", - дейді Али бин Насер. 

Graham Budd Auctions аукцион үйінің мәліметінше, атақты футболшы тепкен доптың құны шамамен 3 миллион доллар болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, дәл сол матчта Марадона киген киім де осы жылдың мамыр айында 9,3 миллион долларға сатылған еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды