Мәнізоровты кетірген кім?

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қызметінен кетті. Бұл туралы ол «Азаттық рухы» сайтының тілшісі Ришат Асқарбекұлына берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. «Мен бүгін арыз жазамын. Әлгі жағдайдан кейін төрт ай жұмыс істедім. Өзімді көрсеттім. Прокуратураның қаулысы бар, тазамын. Мұндай шешімді өзім қабылдадым. Осы қызметтен кеткім келді, өзім үшін өмір сүргім келеді. Кейбір адамдарға керек болса, бұл жұмысты өткізіп беремін. Өзімнің айналысатын басқа істерім бар» депті Б.Мәнізоров.

Мәнізоровтың мәселесі сенбі-жексенбі күндері едел-жедел шешілгенге ұқсайды. Өйткені оның сенбі күні Нұр-Сұлтанға ұшып барып, жексенбі күні Алматыға қайтқанын көргендер бар.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Бағдат Мәнізоров шешімді өзі қабылдамаған. Оған Ахметжан Есімов әзірге «бетегеден биік, жусаннан аласа» бола тұруды тапсырған-мыс.

Естеріңізге салайық, Бағдат Мәнізоров өткен жылдың қыркүйегінде істі болып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Мәнізоровтың ұсталғанын растаған.    

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады