«Мәңгілік алауда» тауық қақтап жеген вандал 5 тәулікке қамалды

Риддер қаласындағы «Мәңгілік алауға» ет қуырып, мемориал маңында қоқыс қалдырып кеткен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Halyqstan

Астана, NEGE. Оның кім екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден түсініктеме алған.

«Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», – деп хабарлады полиция.

Тәртіп бұзушыға «Ғимараттарға, басқа да құрылыстарға, тұрғын және қоғамдық орындардағы мүлікке құрметсіздік көрсету» бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті