«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры тағайындалды

Гүлмира Әйткенқызы Әбішева 1980 жылы 20 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Маңғыстау, NEGE. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы болып бастаған. Бірнеше республикалық және облыстық БАҚ-да еңбек етті. Республикалық 31-телеарна, «Информбюро» жаңалықтар қызметінің тілшісі, республикалық «Ар.кз» газетінде журналист, «Азаттық» халықаралық радиосының, «Тумба» қалалық газетінің журналисі болды. Ұзақ жыл «Хабар» Агенттігінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, тілшілер қосынының жетекшісі және Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ басшысы қызметтерін атқарды. 2021 жылдың 3-наурызынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.

«Ақпарат саласының үздігі», «Хабарға 10 жыл»  алтын медалі, «Халық Алғысы» , «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгілермен марапатталған.