20 апреля 2021 г. 10:09

Маңғыстаулықтар ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында оқудан өтті   

Фото:

«Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік жобаларынан Маңғыстау өңірі де тыс қалған жоқ. 2018 жылы өңірде 3 жылдық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы енгізіле бастады.

2020 жылы  басталған пандемияға қарамастан, әлеуметтік жобалар өз жұмыстарын жалғастырды, оған қоса пандемия бәрімізге жаңа жағдайға, жаңа технологияға бейімделуді үйретті. Өткен жылы ТШО жалпы 8 әлеуметтік жобаларды қаржыландырды, ал олардың 4-еуін – маңғыстаулық үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырды.

Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытқан «Ұрпақ Next» қоғамдық қорына қолдау көрсетіп, 50-ден астам қыз-келіншектің жеке кәсіп бастауына мүмкіндік сыйлады. Олардың ішінде құрақ тігіп, жаңа технологиялар бойынша кәдесый бұйымдарын дайындау және кондитер бұйымдарын жасау, сондай-ақ бизнесті жүргізу, өз кәсіпорнын құру дағдылары бойынша білімін жетілдіргендер көп.

«Періште» оңалту орталығында ерекше туған балалар STEM-сабақтарын, АРТ-терапия, қолөнер сабақтарын, сондай-ақ «миды биоаккустикалық түзету» жабдығының көмегімен аппараттық емдеуден өтті. Орталық карантин жағдайына қарамастан курс жұмысын онлайн жалғастырып, балалардың денсаулығы мен дамуына ерекше көңіл бөлді. 

Аула клубтарының 25 педагогы мен технология мұғалімдері үшін «киізді бояу», «киіз басу», «трикотаж матадан жасалған кашпо ілмегі», «ойыншық тоқу», «арт терапия-пластилинотерапия», «фетр және моншақ диадемнен бұйым жасау», «жіптерден кәдесыйлар дайындау» тақырыптары бойынша 5 шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл шеберлік сабақтарының нәтижелерінде 14 қатысушы мектеп оқушыларына арналған қызықты үйірмелер өткізу бойынша өз жобаларын ұсынды.

 

«Жастар Жетістіктері» қоғамдық қоры: Ақтау, Боранқұл, Баутино және Құрықтан келген 150 қыз-келіншек жаңа дағдыларды меңгеріп, бизнес жүргізудің негіздерін үйренді. Сабақтар Webex және Zoom сияқты платформаларда өтті. Онлайн вебинарлар кесте бойынша өткізілді. Осылайша, 27 мамыр мен 12 маусым аралығында әйелдер кәсіпкерлік пен үй бизнесі негіздерін – «Шағын бизнесті тиімді жүргізу» вебинарын оқыды.

Төрт күнде өткен 8 тренингте жүзге жуық әйел білімін жетілдірді. Тігін шеберлігінің негіздерін алматылық ісмер Гүлшарат Жұбаева онлайн оқытты. Әйелдер пішуді, сызба салуды және үлгілеуді, сондай-ақ спорттық киімдерді, балалар мен әйелдер киімдерін үлгілеуді игерді.

 

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағасында орналасқандықтан, балықты кәсіби түрде және үй жағдайында қақтау және ыстауды үйрену – үй бизнесі үшін тамаша мүмкіндік. Әйелдерге «Байбалық Ақтау» жеке қорының негізін қалаушы Әбіл Нұғман, мастер-технолог Назира Жолымбетова және «Арал әйелдері» ҮЕҰ төрайымы Бақытжамал Жүгінісова сабақ берді.

Екінші жыл қатарынан Маңғыстау облысының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған бастамалар «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландырылып, қолдау табуда. Жобаларды таңдаудың негізгі өлшем-шарттары – бастапқы қаржылық қолдаудан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік бизнесті дамытудың сенімді негізіне айналатын бизнес-модельдің әлеуметтік мәні мен тұрақты тиімділігі.

Былтыр 92 адам «Жарқыра» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген. Тәуелсіз комиссия үздіктерді анықтады. Оның ішінде Ақтау қаласынан 21 адам, Форт-Шевченко қаласынан – 4, Құрық ауылынан – 4, Боранқұл ауылынан 1 адам таңдалды.

Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін тек 6 жоба 2 грант пен 5 жылға ақысыз несие түрінде қаржылық қолдау алды.

«Ағылшын тілі табысқа жетелейді» деген Маңғыстау облысының 100-ден астам мұғалімі Британдық кеңестің арқасында вебинарлар арқылы қашықтық оқытудың әдістерін үйреніп, оқушыларға арналған онлайн материалдар мен видеосабақтарға қол жеткізді.

  COVID-19 пандемиясы өміріміздің барлық салаларына өз түзетулерін енгізді. Алайда, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бір сәтке тоқтамастан, әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды жалғастыра берді. Бұл жобалардың қажеттілігіне пандемия кезінде анық көзіміз жетті.

Тегтер: