Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №224 референдум учаскесінде Жас сайлаушылар клубының әлеуметтік бастамалары іске асырылуда.

Маңғыстау облысы

Дауыс беру күні жастардан құралған волонтерлер қарт азаматтарға, көпбалалы аналарға және қозғалысы шектеулі тұрғындарға учаскелерге жетуге көмектесіп жатыр. Бұл бастама азаматтардың референдумға белсенді қатысуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Маңғыстау облысы

 

Атап айтқанда, автокөлік волонтерлері егде жастағы тұрғындарды үйлерінен алып келіп, дауыс беру учаскелеріне жеткізуде. Жастардың айтуынша, мұндай көмек көрсету – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

«Бүгін дауыс беруге келуіме жастар көмектесті. Үйімнен алып келіп, учаскеге дейін жеткізді. Осындай қамқорлық танытып жатқан жастарға алғысымды білдіремін. Бұл – үлкен қолдау», – деді дауыс берген тұрғын.

Айта кетейік, мұндай бастамалар азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына ықпал етіп, қоғамдағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды