Маңғыстаулық тұрғыннан бекіре балығы мен уылдырық тәркіленді

Маңғыстаулық полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE.  Олар прокуратураның үйлестіруімен өткен жедел-іздестіру шарасы барысында жергілікті тұрғындарды ұстаған.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде күдіктілердің бірінен салмағы 88 келі жиырма дана бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Ал екінші тұрғыннан қара түсті балық уылдырығына ұқсас зат табылған. Тәркіленген заттың салмағы 860 грамм.

Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады