Маңғыстаудың Қарақия ауданында дронға ұқсас зат табылды

Болашақ теміржол станциясының маңында, шекараға жақын жерде ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас белгісіз зат табылды.

Lada.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы құзырлы органға тұрғындар хабарлаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дрон елді мекендерден алыс, адам тұрмайтын аумақтан табылды.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табылған заттың нақты қандай құрылғы екені және оның қайдан келгені әзірге белгісіз. Жапа шеккендер жоқ, материалдық залал тіркелмеді», –  делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дайындаған Бердібек Рауан

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады