Маңғыстаудағы газ бағасына қатысты Жұмабай Қарағаев ұсталды
Бұл туралы Ербол Еділов өзінің тelegram-каналына жазды.
Алматы, NEGE. «Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, Қаржы мониторингі агенттігі Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының негізсіз өсуіне қатысы бар ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты және басқа да адамдарды ұстады. Ұсталғандар арасында аукционда айла-шарғымен айналысқан электронды сауда алаңдарының басшылары да бар», – деп жазды ол.