Маңғыстаудағы Роналдудың әкесі дауыс берді

Жақында туған баласына әлемге әйгілі футболшы Cristiano Ronaldo-ның есімін қойған ақтаулық блогер Мерей Уразбеков референдумда өз таңдауын жасады. Ол 19 «А» шағынауданындағы мектепте орналасқан учаскеге дауыс беруге келді.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау, NEGE. Көпбалалы жас әке өзінің азаматтық позициясын білдіріп, саяси маңызы бар құжаттағы өзгерістерге бейжай қарамай, дауыс бергенін айтты.

– Әр азамат секілді мен де еліміздегі маңызды саяси өзгерістерге бейжай қарамауым керек деп есептеймін. Сондықтан референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – болашақ ұрпақтың тағдырына әсер ететін маңызды қадам. Әрқайсымыз азаматтық позициямызды білдіріп, дауыс беруіміз керек деп есептеймін, – деді ол.

Айта кетейік, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ тұрғындар өздері тіркелген учаскеге барып, дауыс бере алады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазан есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді