Маңғыстауда жер сілкінді
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы 25 сәуірде Қазақстанның батысында жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Маңғыстау облысы, Қызан және Тұщықұдық кенттерінде 2-3 балл қуатымен сезілді.
«Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Жер сілкіністері Ақтаудан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырымда және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде тіркелді. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты», - делінген мәліметте.