18 июня 2023 г. 8:37

Маңғыстауда жан түршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Фото:

Оның бесеуі бала.

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 16 маусым күні кешкі сағат 22:00 шамасында Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында болған. 

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көлік қарсы бағытқа шығып кеткен.

Тойота көлігінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Ереже сақталса, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белбеуін тағып, балалар орындықтарын пайдаланса, көлікке тек 4 адам сыяды. Ал апат болған жағдайда бұл атап өткен нәрсем адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін еді», - деді облыстық полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.

Тегтер: