Маңғыстауда үйрек қаққан балықшылар жауапқа тартылды
ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департамент өкілдері Каспий теңізіндегі жабайы үйректерді қайықпен қаққан екі балықшыны әкімшілік жауапқа тартты.
Алматы, NEGE. "Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 512-бабы 1-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) және ішкі сулары режимдерін бұзғаны үшін айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Шекарашылар тұрғындарды табиғат пен қоршаған ортаны сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға шақырды.