Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер төбелесті

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауылда екі мектеп оқушылары арасында төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау, NEGE. Аталмыш жанжалдың видеосы желіде жарияланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті. Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Балаша сұраққа ересек жауап: Мәжілісте «Қазатомпром» өкілі мен депутат бір-бірін қағытты

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізді

Алу мен беру. Қазақстанның даму банкі НЕГЕ топырлатып несие беруде?

Павлодарда Porsche Panamera тізгіндеген шетелдік 500 мың теңге айыппұл арқалаған