Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашқандардың видеосы тарады

Маңғыстауда «кәмелетке толмаған қызымды алып қашты» деген ананың жанайқайы айтылған видео тарады.

Алматы, NEGE. Оқиға 6 қаңтарда болған. Анасының айтуынша, 4 ер кәмелетке толмаған қызын көлікке еркінен тыс күштеп салып алып кеткен. Сол сәт бейнебақылау камералардың біріне түсіп қалған. 

Полицияға арыз жазып, іс қозғатқан. Алайда, Маңғыстау облыстық прокуратура істі жауып тастаған. Істе қылмыстық құрам жоқ деп түсініктеме берген. Ал анасы таратқан видеода қылмыстық құрамның болғанын анық байқауға болады. 

Қазір оқып жатыр

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді