Маңғыстауда іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды

«Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі күдікті адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Шара барысында Өзбекстан Республикасында іздеуде жүрген 48 жастағы ер адам анықталды. Ер адам Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігі (Валюталық құндылықтарды заңсыз сатып алу немесе сату) бойынша іздестірілуде. Аталған факт бойынша қажетті құжаттар жиналды. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша іздеу жарияланған 42 жастағы ер адам ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды