Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым болатын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты. Құбыр құрылысы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілді.