Маңғыстауда айкезбе қыз екі әпкесін пышақтап тастады
Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде әпкелерін пышақтап тастады, деп хабарлады
Stan.kz.
Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында полицияға Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде екі қыздың пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.
Белгілі болғандай, 11 жастағы кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде өзінің 19 және 12 жастағы әпкелерін үстел пышағымен пышақтап тастаған.
"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, екіншісі әлі ауруханада. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәлімдемесінде.