Маңғыстауда жасөспірім тізгіндеген көлік жол апатына ұшырады

Бетон бағанаға соғылған көлік ішінде 4 жасөспірім болған, деп хабарлады BAQ.KZ.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған.

Көлік апатынан Ақшұқыр мектеп лицейінің екі 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Барлығы 8-9 сынып оқитын жасөспірімдер.

Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген.

Көлік апаты нәтижесінде бетон бағанасы құлап, электр желісі үзілген. Оқиға салдарынан Ақшұқыр елді-мекенінде 43 тұрғын үй электр жарығынсыз қалды.

Қазіргі таңда ауылда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.