Маңғыстауда ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады