Маңғыстауда төбесі опырылып түскен мектеп бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Коллаж

Алматы, NEGE. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов оқиға орнына барып, жағдаймен танысты. Қазір сарапшылар тиісті тексеруді жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынды. Алдағы жөндеу жұмыстары мен нақты шешімдер туралы ресми түрде қосымша хабарланатын болады», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының акт залының төбесі опырылып құлады.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?