Маңғыстауда тамақтан уланған 43 оқушы ауруханадан шықты

Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында 43 бала емін аяқтап, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Олардың бәрі амбулаториялық бақылауға алынған және барлығының жағдайы жақсы. 

Стационарда әлі 53 бала жатыр, олардың жағдайы да тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйектен бері) өңірдің медициналық мекемелеріне Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «№ 8 жалпы білім беру мектебі» МКК -ның қызуы көтерілген, іші өткен, лоқсып, әлсіздік байқалған 466 оқушысы қаралған болатын. Соның ішінде 96 бала қажетті медициналық көмекті алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сол жерде науқастарды емдеуге көмек көрсету бойынша Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі