Маңғыстауда ірі көлемде қаржы жымқырған колледж директоры бас бостандығынан айырылды

Маңғыстауда гуманитариялық колледждің директорының қызметкерлерге тиесілі сыйақы төлемдерін жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024 жылғы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр