Маңғыстауда пайдаланылмаған 1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жер учаскесі кәсіпкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген, бірақ ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған.

Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жердің пайдаланылмауы анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгенімен, ол бір жыл ішінде орындалмаған. Осыған байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.

Департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару үшін сотқа талап арыз берген, нәтижесінде Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады