Маңғыстауда өзін жарақаттаған сарбаз психикалық денсаулық орталығына жатқызылды

Бейнеу ауданындағы № 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров қазір Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр, деп хабарлады Kazinform.

gov.kz

Алматы, NEGE. Сарбаздың анасы Лаура Шынтемірованың айтуынша, баласы әскерге барған күннен бастап қысым көрген. Әлімжеттікке шыдамай бірнеше рет өзіне қол салмақ болған.

— Маған командирі телефон шалып, «балаңыздың жүрегі мен бүйрегінде мәселе бар, соны дәрігерге қаратуға апара жатырмыз» деді. Ол өтірік болып шықты. Баламды психиатриялық ауруханаға апарып жатқызған. Оны мен басқа бір ата-анадан естідім, — дейді сарбаздың анасы Лаура Шынтемірова.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов клиникаға суицидке бейім үш әскери жеткізілгенін хабарлады.

— Өздеріне жарақат салған, білектері сырылған. Олармен психолог, психотерапевт мамандар жұмыс істеп жатыр. Жалпы жағдайлары жақсы, 2-3 күнде шығарамыз, — дейді орталық басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді