Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасының аспазшыларының бірінен стафилококк табылды

Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Ал тағы екі жұмысшы міндетті медициналық тексеруден өтпеген болып шықты.

«Ас үйден алынған 9 сынамадан ішек таяқшасы бактериялары, дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды микроорганизмдер анықталды. Ал дәнді дақылдар көкөністер қоймасында сақталған. Асханада дымқыл тазалау жүргізілмеген», – дейді департамент басшысы Мұхтар Сербаев.

Ведомство басшысының айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа дейінгі тергеу үшін полицияға берілген.

Қазір асхана жабық. Бірақ оқушылар оқуын жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады