Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватаксимен референдумға барды

Бүгін жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалды.

Маңғыстау облысы әкімдігі

Бірлік тұрғын алабында тұратын І топ мүгедегі Дарылғап Жиенбаев жолдасымен бірге инватакси қызметінің көмегімен Қызылтөбе ауылындағы №207 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Арнайы көлік қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуына қолайлы жағдай жасап, олардың дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Маңғыстау облысы әкімдігі

«Инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр. Референдумда өз таңдауымды жасайын деп келдім. Барлығы еліміздің болашағы үшін ғой. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Дарылғап Жиенбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды

Қарағандыда түлектерді диплом қорғай сала әскери комиссариатқа алып кеткен