Маңғыстауда күйеуі пышақтап өлтіре жаздаған әйелге қатысты тың дерек шықты

Маңғыстау облысында күйеуі жауыздық жасаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлады sn.kz ақпарат порталы.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.

Ал облыстық арухананың баспасөз хатшысы Жұлдыз Қалиеваның айтуынша, Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Есін біледі. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емделуде. Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Пациенттің аяғы ауыр, жүктіліктің 10 аптасында.

«Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілді», - деді аурухананың баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады? Маман пікірі

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі