Маңғыстауда күшті әсер ететін дәрілерді сатқан фармацевтер ұсталды

Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рецептісіз есірткі құрамындағы дәрілерді сатқан дәріхананы анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. Тінту барысында полиция қызметкерлері 150 блистер «Алис» препараты мен 48 құты «Тропикамидті» тәркіледі.

Заңсыз саудамен айналысқан фармацевтермен қатар, бұл дәрілерді сатып алған үш жергілікті тұрғын да ұсталды.

«Анықталғандай, дәріхана жеке кәсіпкерлікке тиесілі және фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы бар. Күшті әсер ететін дәрілерді рецептісіз сату фактісі бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылданып, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолданады», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады