Маңғыстауда «Қыз әулие» қорымына тазалық жұмыстары жүргізілді

​«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша Маңғыстауда тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылуда. Соның бірі, Бейнеу ауданындағы Есет елді мекенінен 7 шақырымда орналасқан - «Қыз әулие» қорымының аумағында сенбілік өткізілді.

Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау, NEGE. ​Акцияға Есет ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері, тұрғындары білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өлке тазалығына өз үлестерін қосты.

– Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық өңірлерде сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта «Қыз әулие» қорымында сенбілік жұмыстарын жүргізудеміз. Өңір тазалығы - баршаға ортақ іс. Сондықтан, маңғыстаулықтарды осы игі іске белсене атсалысуға шақырамын, - деді Есет ауылының белсенді жасы Ерлан Ишмуратов.

Маңғыстау облысы әкімдігі

​Есет ауылының әкімі Мейрамғали Қаниев оң бастаманы қолдайтынын атап өтті.

– Туған өлкенің тазалығына атсалысу – әрбір азаматтың міндеті. Әр сенбі сайын әрбір тұрғын өз ауласына ағаш отырғызып, қоқыстан тазартса, аймағымыз жасыл желекпен көмкерілер ме еді. Осындай сенбілік жұмыстарын жиі өткізуді қолдаймын, - деді Мейрамғали Қаниев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?