Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбазға байқаусызда оқ тиіп, көз жұмды. 

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ulysmedia.kz. хабарлады. Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.

Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды