Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды
Маңғыстауда көпбейінді облыстық аурухананың бас есепшісіне бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астана, NEGE. Облыстық прокуратура ауруханаға тексеру жүргізіп, нәтижесінде 32 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғанын анықтады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
Ал бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.