Астан уланған балалар саны 140-тан асты

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны артты. 

lada.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 141 бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бесшоқы ауылындағы N8 мектепте балалардың уланғаны туралы хабарланған еді.   

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?