Маңғыстауда 36 адам астан уланып қалды

Зардап шеккен тұрғындардың «Али-ман» дәмханасында кешкі ас ішкені анықталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар көп ұзамай өздерін жайсыз сезініп, орталық ауруханаға жеткізілген. Инфекциялық бөлімшеге 28 адам жатқызылды.

Олардың арасында балалар мен аяғы ауыр әйел бар. Осы оқиғадан кейін аталған дәмхана жұмысын уақытша тоқтатты.

Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мамандары, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша тексеруді бастады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады