Маңғыстауда 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген командирге сот үкімі шықты

Сот үкімімен Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне кінәлі взвод командирі Дамир Досов жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Ол ұлттық ұлан лейтенанты шенінен айырылды.

Сондай-ақ марқұмның ата-анасына 20 миллион теңге өтемақы төлейді.

2025 жылғы 24 қаңтардағы жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиева соттан Досовты қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тануды және 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Оның айтуынша, взвод командирі әскери университетте оқыған, қарудың сипаттамаларын білуге, оны басқа адамдарға бағыттамауға, онымен жұмыс істей білуге және атыс жаттығуларынан өтуге міндетті. Досовтың оқталған тапанша туралы білмегені туралы сылтауларын майор Бағдат Майлиевтің және басқа да куәгерлердің айғақтары жоққа шығарады.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды