Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылған

Прокуратураның араласуымен тұрғындардың құқықтары қалпына келтірілді.

freepik.com

Астана, NEGE. Маңғыстау облыстық прокуратурасы мониторинг барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтаған.

Қадағалаушы органның мәліметінше, облыстық мәслихаттың 2019 жылғы қазан айындағы шешімімен тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі бекітілген. Бұл жеңілдіктер азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе тұрғын үй құнын ішінара төлеу кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған.

Өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын беруді реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алушылар санаттарының саны 2-ден 12-ге дейін кеңейтілген.

Облыстық мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістердің енгізілмеуі салдарынан 100 мыңнан астам азамат (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары) көзделген тұрғын үй жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігінен айырылған.

«Прокурордың наразылығымен қала және аудан мәслихаттарының шешімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді», – делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты