Маңғыстау тұрғынынан 50 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

2 сәуір күні Форт-Шевченко қаласының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы тәркіленді.

Алматы, NEGE.  Ұсталған 60 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.