Маңғыстау өңірінде радиоактивті қалдықтарды өңдеу кешенінің құрылысы тоқтатылды
Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданы әкімінің «West Dala» ЖШС-не радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған кешен құрылысы үшін жер учаскесін жалға беру жөніндегі қаулысы күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Аудан әкімінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған кешен құрылысы үшін жер учаскесін «West Dala» ЖШС-не жалға беру туралы қаулысы Маңғыстау облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы негізінде күшін жойды. Себебі, жерді жалға алудың бастапқы нысаналы мақсаты өзгерген. Сондықтан, аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз саналады. «Атырау облысы Махамбет ауданында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен «West Dala» ЖШС Қарақия ауданында 2010 жылдан бастап қызмет етеді. Серіктестік 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтыған. Сол кезде ауданы әкімдігі қосалқы жер қорынан мұнай өнімі қалдықтарын қайта өңдеу үшін жалға 30 га жер учаскесін берді«, - деп хабарлайды аудан әкімдігі.