Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдері Сағымбаевтың денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін уақытша басқарманың орынбасары Ләззат Есенғалиева атқарады. Еске салайық, мұның алдында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеткені хабарланған еді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды