19 июня 2023 г. 12:29

Маңғыстау облысында жолға асфальт кілем төселгені туралы видео тарады

Фото:

Жаңаөзен тұрғындары жолдағы ерекше асфальтті көрсетті. Жаңадан төселген жабын жұқа, оны көп қиындықсыз-ақ орай салуға болады, деп хабарлады  Lada.kz.

Алматы, NEGE. Видео «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын №1 мұнай-газ өндіру басқармасының (НГДУ-1) жанындағы жолда түсірілген.

"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, 2023 жылдың қаңтарында Жетібай – Қарамандыбас – Жаңаөзен тас жолы жөнделгенін мәлім етті.

Алайда мамыр айында жолдың жоғарғы бөлігінжа ойықтар пайда болып, мердігерге кемшіліктерді жоюды талап ететін хат жолданған.

"2023 жылғы 6 маусымда "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК филиалына жолдардың сапасын тексеру үшін хат жолданды", деп хабарлады "Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі.

Сараптама қорытындысына сәйкес қабылданған шешім бойынша, мердігер мекеме өз қаражаты есебінен кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізетіні белгілі болды.

Тегтер: