Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Маңғыстау облысында 13 қазан сағат 00:00 бастап карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді: Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, спорт нысандары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.
«Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. Көпшілік жерлерде маска тағу және арақашықтық сақтау маңызды!», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді