Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, деп хабарлайды облыстың Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау, NEGE. 13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады.

"Жаңа талаптар бойынша, енді тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.

Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді