Маңғыстау облысында Білім бөлімінің басшысы ұсталды

Маңғыстау облысының Білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлады Антикор.

Алматы, NEGE. Антикордың жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді. 

Соттың санкциясымен күдікті қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды