Маңғыстау облысында атыс болды

Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Алматы, NEGE. «Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.