Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталды.

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Ғалымжан Ниязов ұсталды. Бұл туралы yyedilov Телеграм-арнасы хабарлады. 

«Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталды.  Өйткені сұйытылған газдың бағасын көтеру салдарынан Маңғыстау облысында халық көтеріліп, жаппай наразылыққа шықты және т.б.», – делінген хабарламада.